Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
Қарағанды облысы
Хабарландырулар
03.10.2025
Интервьюерлерді қабылдау туралы хабарландыру

Статистикалық байқаулар негізінде үй шаруашылықтарына сауалнама жүргізу бойынша ақылы қазметтерді көрсету шарты бойынша интервьюерлерді жұмысқа қабылдау жарияланады:

1)        Күнделікті шығыстарды есепке алу күнделігі

2)        Үй шаруашылықтарының тоқсан сайынғы табыстары мен шығыстарын есепке алу журналы

Өткізу орны: Қарағанды қ.

Қызмет көрсету мерзімі: 2025 жылғы 8  қазаннан 30 желтоқсанға дейін. 

Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі), орта техникалық және кәсіби, еңбек өтілі бойынша талаптар қойылмай, жалпы орта білім.

Функционалдық міндеттері:

Респонденттердің жеке сауалнамасы арқылы статистикалық байқау жүргізу, статистикалық нысанды толтыру және аумақтық статистика органына ұсыну, бастапқы статистикалық деректердің құпиялылығын қамтамасыз ету.

Барлық сұрақтар бойынша мына мекенжайға хабарласуға болады: Қарағанды қаласы, Чкалов көшесі, 10, 110 кабинет, анықтама телефоны: 8 (7212) 25-26-09. 

Әңгімелесуге қатысу үшін үміткерлердің өтінімдері statkrg@aspire.gov.kz электрондық мекенжайға қабылданады.

Өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі 2025 жылғы 7 қазан.