Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
Қарағанды облысы
Хабарландырулар
17.09.2025
Интервьюерлерді қабылдау туралы хабарландыру

«Халықтың құқық қорғау органдарына және сот жүйесіне сенімділік деңгейі» статистикалық байқауы бойынша үй шаруашылықтарын зерттеу үшін өтеулі қызмет көрсету шарты бойынша интервьюердің қабылдау жарияланады.

Өткізу орны: Қарағанды қ. Ақтас к., Шахтинск қ., Новодолинский к., Шахан к., Абай қ., Топар к., Қарқаралы қ., Осакаровка к., Ағадыр к.

Қызмет көрсету мерзімі: 2025 жылғы 01 қазаннан бастап 15 қарашаны қоса алғанда.

Білім деңгейі бойынша талаптар: Жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі), орта техникалық және кәсіби, жалпы орта білім жұмыс өтілі бойынша талап қойылмайды.

Функционалдық мідеттері: Үй шаруашылықтарынан жеке сұрау салу арқылы статистикалық байқау жүргізу, статистикалық нысанды толтыру және аумақтық статистика органына ұсыну, алғашқы статистикалық деректердің құпиялылығын қамтамасыз ету.

Барлық сұрақтар бойынша мына мекен-жайға жүгінуге болады: Қарағанды қаласы, Чкалов көшесі, 10, 219 кабинет.

Анықтама үшін телефон: 8 (7212) 41-44-67, 8-705-140-23-18.

Әңгімелесуге қатысу үшін үміткерлердің өтінімдері мына электрондық мекен-жайға қабылданады: statkrg@aspire.gov.kz.

Өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі 2025 жылғы 26 қыркүйек.