Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
Қарағанды облысы
Хабарландырулар
02.07.2025
Интервьюерлерді қабылдау туралы хабарландыру

Қарағанды қаласының әуежайында, теміржол вокзалында, автостанциясында келушілерді (резидент еместерді) Қазақстаннан кету кезінде статистикалық бақылауды жүргізу үшін интервьюерлерді қабылдаймыз.

Қызмет көрсету мерзімі: 2025 жылғы 17 шілдеден бастап 30 шілдеге дейін.

Білім деңгейі бойынша талаптар: жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі), орта техникалық және кәсіби немесе еңбек өтілі бойынша талаптар қоймай, жалпы орта білім.

Функционалдық міндеттері: респонденттерден жеке сұхбат алу арқылы статистикалық байқау жүргізу, статистикалық нысанды толтыру және аумақтық статистика органына ұсыну, алғашқы статистикалық деректердің құпиялылығын қамтамасыз ету.

Барлық сұрақтар бойынша келесі мекенжайға хабарласуға болады: Қарағанды қаласы, Чкалов көшесі, 10, № 110 кабинет, анықтама үшін телефон: 8 (7212) 41-45-42. 

Өтініштер мен түйіндемелер statkrg@aspire.gov.kz электрондық мекенжайға қабылданады.

Өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі 2025 жылғы 11 шілде.