Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Қарағанды облысы бойынша департаментінің ұлттық ауыл шаруашылығы санағына дайындық және оны жүргізу жөніндегі бөліміне жұмыскерлерді қабылдау туралы хабарландыру жарияланады.
1. Ұлттық санаққа дайындық және оны жүргізу жөніндегі бөлімі басшысы – 1 бірлік.
Біліктілікке қойылатын талаптар: тиісті мамандарды даярлау саласындағы жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім: педагогикалық ғылымдар, гуманитарлық ғылымдар, әлеуметтік ғылымдар, бизнес, менеджмент және құқық, жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, ауыл шаруашылығы мамандығы бойынша жұмыс өтілі үш жылдан кем емес.
2. Ұлттық санаққатарды дайындық және оны жүргізу жөніндегі нұсқаушы – 2 бірлік.
Біліктілікке қойылатын талаптар: тиісті мамандарды даярлау саласындағы жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім: педагогикалық ғылымдар, гуманитарлық ғылымдар, әлеуметтік ғылымдар, бизнес, менеджмент және құқық, жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, ауыл шаруашылығы, қызмет көрсету немесе жұмыс тәжірибесіне талаптарсыз тиісті мамандық (біліктілік) бойынша техникалық және кәсіптік (орта арнаулы, орта кәсіптік) білім.
Жұмыс мерзімі: 2025 жылғы 3 наурыздан 31 желтоқсанға дейін (еңбек шарты бойынша).
Барлық сұрақтар бойынша мына мекенжайға хабарласуға болады: Қарағанды қаласы, Чкалов көшесі, 10, 211 кабинет.
Анықтама телефоны: 8 (7212) 25-55-59.
Әңгімелесуге қатысу үшін үміткерлердің өтінімдері (түйіндемелері) [email protected] электрондық мекенжайы арқылы қабылданады.