Статистикалық байқаулар негізінде үй шаруашылықтарына сауалнама жүргізу бойынша ақылы қазметтерді көрсету шарты бойынша интервьюерлерді жұмысқа қабылдау жарияланады:
1) «Халықтың жұмыспен қамтылуын іріктемелі зерттеу сауалнамасы» зерттеу бойынша
Өткізу орны: Қарағанды қ.
Қызмет көрсету мерзімі: 2025 жылғы 1 қаңтардан 30 желтоқсанға дейін.
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі), орта техникалық және кәсіптік, еңбек өтілі бойынша талаптар қойылмай жалпы орта білім.
Функционалдық міндеттері: Респонденттердің жеке сауалнамасы арқылы статистикалық байқау жүргізу, статистикалық нысанды толтыру және аумақтық статистика органына ұсыну, бастапқы статистикалық деректердің құпиялылығын қамтамасыз ету.
Барлық сұрақтар бойынша мына мекенжайға хабарласуға болады: Қарағанды қаласы, Чкалов көшесі, 10, 107 кабинет, анықтама телефоны: 8 (7212) 41-44-89.
Әңгімелесуге қатысу үшін үміткерлердің өтінімдері [email protected] электрондық мекенжайға қабылданады.
Өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі 2025 жылғы 9 қаңтар.