2024 жылғы «26» қаңтарда Facebook әлеуметтік желісінің «Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агентігі Ұлттық статистика бюросының Қарағанды облысы бойынша департаменті" РММ аккаунтында https://www.facebook.com/Statistika.krg 1-П «Кәсіпорынның өнім (тауар, қызмет) өндіру туралы есебі» (айлық, тоқсандық, жылдық) статистикалық нысанын толтыру мәселелері бойынша тікелей эфир өтеді. Өзіңізбен бірге 1-П «Кәсіпорынның өнім (тауар, қызмет) өндіру туралы есебі» (айлық, тоқсандық, жылдық) статистикалық нысанының бланкіллер және оны толтыру жөніндегі нұсқаулықтары болу қажет.
Тікелей эфирдің басталу уақыты 11:00. Аталмыш тақырып бойынша сұрақтарды 24.01.2024 ж. 12:00-ге дейін [email protected] электрондық мекенжайға немесе 8-7212-41-48-05, 41-49-52 телефонына жіберу қажет.