Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
Қарағанды облысы
Хабарландырулар
17.01.2024
Құрметті респонденттер!

2024 жылғы «19» қаңтарда Facebook әлеуметтік желісінің «Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агентігі Ұлттық статистика бюросының Қарағанды облысы бойынша департаменті" РММ аккаунтында https://www.facebook.com/Statistika.krg 
1-Т (Еңбек жағдайы) «Зиянды және басқа да қолайсыз еңбек жағдайларында жұмыс істейтін  жұмыскерлер саны туралы есеп» (жылдық) статистикалық нысанын толтыру мәселелері бойынша тікелей эфир өтеді. Өзіңізбен бірге 1-Т (Еңбек жағдайы) «Зиянды және басқа да қолайсыз еңбек жағдайларында жұмыс істейтін жұмыскерлер саны туралы есеп» (жылдық) статистикалық нысанының бланкісі және оны толтыру жөніндегі нұсқаулық болу қажет.

Тікелей эфирдің басталу уақыты 11:00. Аталмыш тақырып бойынша сұрақтарды 18.01.2022 ж. 13:00-ге дейін e.volnykh@aspire.gov.kz электрондық мекенжайға немесе 41-49-75, 41-44-89 телефондарына жіберу қажет.

Онлайн кеңесші