Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Астана қаласы бойынша департаменті «Халықтың құқық қорғау органдарына және сот жүйесіне сенімділік деңгейі» (2023 жылғы 1 қазанмен 15 қараша аралығында) іріктеп зерттеу өткізу үшін 8 адам интервьюер қабылдайтыны туралы хабарлайды.
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс: жұмыс өтіліне қойылатын талаптарсыз, жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі), техникалық және кәсіптік (арнаулы орта, кәсіби орта) немесе жалпы орта білім.
Интервьюерлердің міндеттері:
1) сауал салуға келісімін алу үшін респондентпен байланыс орнату;
2) интервьюердің бағдар парағы бойынша респондентке бару арқылы статистикалық байқауларды жүргізу;
3) тиісті есепті жылға арналған Статистикалық жұмыстар жоспарында белгіленген мерзімде аумақтық органға статистикалық байқаулар қорытындылары бойынша толтырылған статистикалық нысанды ұсыну;
4) сауал салуды жүргізу туралы есеп бланкісін жасау;
5) бағдар парағын ұсыну.
«Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Астана қаласы бойынша департаменті» РММ (010000 Астана қаласы, Желтоқсан көшесі 22, телефондары: 8(7172) 31-95-94, 31-62-53.)