«Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Астана қаласы бойынша департаменті» халыққа іріктеме зерттеуді ай сайын өткізеді, бұл Астана қаласындағы жұмыспен қамтылу мен жұмыссыздықтың өзекті мәселелерін зерттеуге көмектеседі.
Сіздерден алынған ақпарат аса құпияда ұсталатынына және тек статистикалық мақсаттарға пайдаланылатынына кепілдік береміз.
Сіздердің жауаптарыңыз жұмыс істеушілер мен жұмыссыздар саны, жұмысқа орналасудың түйінді мәселелері, жұмыс іздеу тәсілдері туралы құнды ақпарат алуға мүмкіндік береді. Бұл деректер жұмыспен қамту мен аймақтардың әлеуметтік дамуының әртүрлі бағдарламаларын әзірлеу үшін жиынтық күйінде пайдаланылады.
Зерттеуге қатысушы ретінде Сіздің отбасыңыз мүлде кездейсоқ таңдап алынды, өйткені үй шаруашылықтары көше аттары және үй нөмірлерімен барлық ғимараттар енгізілген Тізілімнен математикалық, кездейсоқ әдіспен таңдалып алынды.
Сіздерден қажет ақпаратты ұсынуларыңызды сұраймыз. Сізге нақты апта ішінде еңбек қызметіңізге қатысы бар бірқатар сұрақтар қойылады: сіз қандай жұмыс атқардыңыз, қанша сағат істедіңіз, егер жұмыс істемесеңіз, оған қандай себеп болды.
Сіз қазіргі кезде жұмыс істемесеңіз де, бұл шараға қатысуыңыздың маңызы зор. Зерттеу нәтижелерінің сенімділігі Сіздің толық әрі егжей-тегжейлі жауаптарыңызға байланысты.
Сауалнамалық сұрақтар қою үшін интервьюер Сізге жолығып, арнайы анықтама көрсетеді. Оның келу уақытын «Халықтың жұмыспен қамтылуын іріктемелі зерттеу сауалнамасы» статистикалық нысанын тапсыру графигіне сәйкес кестесінен нақты білуге болады.
Сіз 31-62-72 байланыс телефондары арқылы хабарласып, өзіңізді қызықтыратын сұрақтарыңызды қоюыңызға болады.
Ынтымақтастығыңыз үшін алдын ала алғыс айтамыз!