17.12.2025
Интервьюерлерді қабылдау туралы хабарландыру
«Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Астана қаласы бойынша департаменті» РММ 2026 жылға жұмыспен қамту деңгейін бағалау бойынша Астана қаласында «Келушілерді зерттеу сауалнамасы» статистикалық байқау жүргізу үшін интервьюерлерді (саны 6 адам) (өтеулі қызмет көрсету шарты бойынша тартылған қызметкер) қабылдауды жариялайды.
Қызмет көрсету мерзімі: 2026 жылғы 30 қантарға дейін.
Білім деңгейі бойынша талаптар: Жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі), орта техникалық және кәсіптік, жалпы орта білім.
Функционалдық мідеттері: Тікелей (жеке) бару арқылы статистикалық байқау жүргізу және алынған мәліметтерді статистикалық нысандарға жазу; статистикалық байқау қорытындылары бойынша толтырылған статистикалық нысанды Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Астана қаласы департаментіне тиісті есепті жылға арналған Статистикалық жұмыстар жоспарында белгіленген мерзімде ұсыну; сауалнама жүргізу туралы есеп бланкісін толтыру; алғашқы статистикалық деректердің құпиялылығын қамтамасыз ету.
Барлық сұрақтар бойынша мына мекен-жайға хабарласуға болады: Астана қаласы, Желтоқсан көшесі, 22 үй, 401 кабинет
Анықтама телефоны: 8(7172) 41-29-97.
Өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі: 2026 жылғы 09 қантар.