Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
Астана қаласы
Хабарландырулар
28.04.2025
Интервьюерлерді қабылдау туралы хабарландыру

  «Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Астана қаласы бойынша департаменті» РММ 
 2025 жылға жұмыспен қамту деңгейін бағалау бойынша Астана қаласында «Халықтың жұмыспен қамтылуын іріктемелі зерттеу сауалнамасы»  статистикалық байқау жүргізу үшін интервьюерлерді (саны 2 адам) (өтеулі қызмет көрсету шарты бойынша тартылған қызметкер) қабылдауды жариялайды.

Қызмет көрсету мерзімі: 2025 жылдың 05 мамырдан бастап 31 желтоқсанға дейін.

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы керек: Жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі), орта техникалық және кәсіптік (орташа арнаулы, орта кәсіптік) немесе жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптарсыз жалпы орта білім.

Функционалдық мідеттеріне: Ротациялық үй шаруашылықтарының тізіміне сәйкес тұрғын үй-жайларды олардың бар болуы және тұру фактісі тұрғысынан алдын-ала аралау (листинг) бойынша қызметтер көрсету, респондентпен сауалнамаға келісім алуға байланыс орнату; оларға тікелей (жеке) бару арқылы планшет құрылғысымен статистикалық байқау жүргізу және алынған мәліметтерді статистикалық нысандарға жазу; статистикалық байқау қорытындылары бойынша толтырылған статистикалық нысанды Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Астана қаласы департаментіне тиісті есепті жылға арналған Статистикалық жұмыстар жоспарында белгіленген мерзімде ұсыну; сауалнама жүргізу туралы есеп бланкісін толтыру; мартшрут парағын толтыру кіреді.

Барлық сұрақтар бойынша мына мекен-жайға хабарласуға болады: Астана қаласы, Желтоқсан көшесі, 22 үй, 204 кабинет, анықтама телефоны: 8(7172) 31-62-72.

Өтініштер мен түйіндемелер s.turukpaeva@aspire.gov.kz электрондық мекен-жайға қабылданады.

Өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі: 2025 жылғы 02 мамыр.