«Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Астана қаласы бойынша департаменті» РММ 2025 жылға жұмыспен қамту деңгейін бағалау бойынша Астана қаласында «Үй шаруашылығының ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалануы жөніндегі зерттеу сауалнамасы» статистикалық байқау жүргізу үшін интервьюерлерді (саны 17 адам) (өтеулі қызмет көрсету шарты бойынша тартылған қызметкер) қабылдауды жариялайды.
Қызмет көрсету мерзімі: 2025 жылғы 30 қантарға дейін.
Білім деңгейі бойынша талаптар: Жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі), орта техникалық және кәсіптік, жалпы орта білім.
Функционалдық мідеттері: Тікелей (жеке) бару арқылы статистикалық байқау жүргізу және алынған мәліметтерді статистикалық нысандарға жазу; статистикалық байқау қорытындылары бойынша толтырылған статистикалық нысанды Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Астана қаласы департаментіне тиісті есепті жылға арналған Статистикалық жұмыстар жоспарында белгіленген мерзімде ұсыну; сауалнама жүргізу туралы есеп бланкісін толтыру; алғашқы статистикалық деректердің құпиялылығын қамтамасыз ету.
Барлық сұрақтар бойынша мына мекен-жайға хабарласуға болады: Астана қаласы, Желтоқсан көшесі, 22 үй, 401 кабинет
Анықтама телефоны: 8(7172) 41-29-97.
Өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі: 2025 жылғы 09 қантар.