Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Астана қаласы бойынша департаменті 2024 жылғы ІІ тоқсанға 1-Т (тоқсандық) "Еңбек бойынша есеп" статистикалық нысанын тапсыру қажет екендігін хабарлайды.
Тапсыру мерзімі – 2024ж. 10 шілдеге дейін (қоса алғанда)
Іріктемедегі респонденттер тізімі - Басты бет / Қазақстан Республикасының өңірлерінің статистикасы / Астана қаласы / Статистикалық нысандардың іріктемесі (каталогтар) бөлімінде орналастырылған.
Есептерді онлайн тапсыру үшін - Басты бет / Респонденттерге / Респонденттің кабинеті
Анықтама телефоны: 8(7172) 41-28-26