Статистикалық байқаулар негізінде үй шаруашылықтарының өмір сүру деңгейін іріктемелі зерттеу үшін ақылы қызмет көрсету шарты бойынша интервьюерлерді қабылдау жарияланады.
Өткізу орны: Ақтөбе қ.
Қызмет көрсету мерзімі: 2026 жылғы 8 қыркүйектен 31 желтоқсанға дейін.
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі), орта техникалық және кәсіби, еңбек өтілі бойынша талаптар қойылмай, жалпы орта білім.
Функционалдық міндеттері:
Респонденттердің жеке сауалнамасы арқылы статистикалық байқау жүргізу, статистикалық нысанды толтыру және аумақтық статистика органына ұсыну, бастапқы статистикалық деректердің құпиялылығын қамтамасыз ету.
Барлық сұрақтар бойынша мына мекенжайға хабарласуға болады: Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр-хан даңғылы 25, 205 кабинет, анықтама телефоны: 8 (7132) 55-22-15.
Әңгімелесуге қатысу үшін кандидаттардың өтінімдері электрондық мекенжайға қабылданады: a.aktobestat@aspire.gov.kz
Өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі 2026 жылғы 31 тамыз.