Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
Ақтөбе облысы
Хабарландырулар
19.08.2026
Интервьюерлерді қабылдау туралы хабарландыру

«Халықтың жұмыспен қамтылуын және тұрмыс деңгейін іріктемелі зерттеу сауалнамасы» статистикалық байқау және үй шаруашылықтарын зерттеуді жүргізу үшін өтеулі қызмет көрсету шарты бойынша интервьюерлерді қабылдау жарияланады     

 Өтетін орны: Мұғалжар ауданы

 Қызмет көрсету мерзімі: 2026 жылғы 01 қыркүйектен бастап 31 желтоқсанға дейін. 

 Біліктілікке қойылатын талаптар: Жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі), орта техникалық және кәсіптік, жалпы орта білім, жұмыс өтілі бойынша талаптар қойылмайды. 

 Функционалдық міндеттері: респонденттердің жеке сауалнамасы арқылы статистикалық байқау жүргізу, статистикалық деректерді жинау планшетте жүзеге асырылады және аумақтық статистика органына ұсынылады, бастапқы статистикалық деректердің құпиялылығын қамтамасыз етеді. 

 Барлық сұрақтар бойынша мына мекенжайға хабарласуға болады: Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр-хан даңғылы 25, 205 кабинет, анықтама телефоны: 8 (7132) 55-22-15. 

 

Әңгімелесуге қатысу үшін кандидаттардың өтінімдері электрондық мекенжайға қабылданады: a.aktobestat@aspire.gov.kz 

Өтінімдерді қабылдау мерзімі: 2026 жылғы 19 тамыздан 31 тамызға дейін.