09.01.2026
Қызмет көрсету басқармасы
Құрметті респонденттер!
Сізге 2025 жылға 2-ТР (қосалқы қызмет) (жылдық) «Қосалқы көлік қызметі кәсіпорындары көрсететін қызметтер туралы есеп» нысаны бойынша мемлекеттік статистикалық есепті ұсыну қажет екендігін естеріңізге саламыз. Ұсыну мерзімі - есепті кезеңнен кейінгі 2026 жылғы 10 сәуірге (қоса алғанда) дейін. Жоғарыда баяндалғанның негізінде есепті уақтылы тапсыруыңызды сұраймыз. Іріктемелі зерттеуге енгізілген заңды тұлғалардың тізімі https://stat.gov.kz «Негізгі/Қазақстан Республикасы өңірлерінің статистикасы /Ақтөбе облысы/Статистикалық нысандар бойынша іріктемелер (каталогтар)» бөлімінде орналастырылған. Сұрақтар бойынша 8(7132)54-26-37, 553158, 87007001995 телефондары бойынша хабарласуға болады.