Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
Ақтөбе облысы
Хабарландырулар
25.12.2025
Қызмет көрсету басқармасы
Құрметті респонденттер! Сізге 2025 жылға 2-көлік (жылдық) «Көліктің қатынас түрлері бойынша жұмысы туралы есеп» нысаны бойынша мемлекеттік статистикалық есепті ұсыну қажет екендігін естеріңізге саламыз. Ұсыну мерзімі - есепті кезеңнен кейінгі 2026 жылғы 15 сәуірге (қоса алғанда) дейін. Жоғарыда баяндалғанның негізінде есепті уақтылы тапсыруыңызды сұраймыз. Іріктемелі зерттеуге енгізілген заңды тұлғалардың тізімі https://stat.gov.kz «Негізгі/Қазақстан Республикасы өңірлерінің статистикасы /Ақтөбе облысы/Статистикалық нысандар бойынша іріктемелер (каталогтар)» бөлімінде орналастырылған. Сұрақтар бойынша 8(7132)54-26-37, 553158, 87007001995 телефондары бойынша хабарласуға болады.