24.11.2025
Еңбек және тұрмыс деңгейі статистикасының басқармасы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЖОСПАРЛАУ ЖӘНЕ РЕФОРМАЛАР АГЕНТТІГІ ҰЛТТЫҚ СТАТИСТИКА БЮРОСЫНЫҢ АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІ
ҚҰРМЕТТІ ХАНЫМДАР МЕН МЫРЗАЛАР!
Мемлекеттік статистика органдары республикадағы халықтың тұрмыс деңгейін білуге көмектесетін халықты іріктеме зерттеуді (үй шаруашылықтарын) тоқсан сайын өткізеді.
Сіздерден алынған ақпарат аса құпияда ұсталатынына және тек статистикалық мақсаттарға пайдаланылатынына кепілдік береміз.
Қазақстан Республикасының барық өңірлерінен кездейсоқ таңдап алынған 12 мың отбасынан 40 мыңнан аса адам, Ақтөбе облысы бойынша 720 үй шаруашылықтар осы зерттеуге қатысады.
Сіздердің жауаптарыңыз елдегі халықтың және өңірлер бойынша кедейшілік деңгейін, мемлекеттің әлеуметтік және экономикалық саясатының тиімділігі туралы құнды ақпарат алуға мүмкіндік береді. Бұл деректер жиынтық күйінде халықты әлеуметтік қорғау саласында дамуының әртүрлі бағдарламаларын әзірлеу үшін пайдаланылады. Зерттеу барысында алынған ақпарат біздер үшін жарқын келешекті жоспарлауға қажет!
Зерттеуге қатысушы ретінде Сіздің отбасыңыз мүлде кездейсоқ таңдап алынды, өйткені үй шаруашылықтары көше аттары және үй нөмірлерімен барлық ғимараттар енгізілген Тізілімнен математикалық, кездейсоқ әдіспен таңдалып алынған болатын.
Сіздерден қажет ақпаратты ұсынуларыңызды сұраймыз. Сіздердің қатысуларыңыз өте маңызды, зерттеу нәтижелерінің сенімділігі Сіздің толық әрі анық жауаптарыңызға байланысты.
Зерттеуге қатысатын үй шаруашылықтарына тоқсан сайын төрт айлық есептік көрсеткіш көлемінде қызмет көрсеткен үшін ақы (одан жеке табыс салығын ұстап қалуды қоса алғанда жүргізіледі, зейнетақы аударымдары, әлеуметтік аударымдарын және «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Заңға сәйкес жарнаны төлеуші бола тұра жеке тұлғаларға тиесілі Заңда көрсетілгендей бекітілген міндетті медициналық сақтандыруға арналған төлемдерді ұстап қалу қосылады) төленеді. Тоқсан сайынғы өзіңіздің қызмет көрсеткенің ақыны алу үшін Сіздің үй шаруашылығынызды зерттеген интервьюріне өзініздің жеке куәлігіңіз көшірмесі мен Халық Банк АҚ немесе «Kaspi Bank» АҚ карта базының ағымдағы шот туралы хабарлама беруіңіз қажет.
Зерттеу сұрақтарына жауап беру үшін ешқандай қолдау құжаттар (чектер) талап етілмейді, біз Сіздердің сөздеріңізге сенеміз.
Зерттеуді жүргізу үшін интервьюер Сізге жолығып, арнаулы куәлігін көрсетеді. Оның келу уақытын статистика органдарынан нақты білуге болады.
Сіз облыстық статистика департаментіне байланыс телефоны арқылы хабарласып, өзіңізді қызықтыратын сұрақтарыңызды қоюыңызға болады.
Телефондар 8 (7132) 54-36-52
Ынтымақтастығыңыз үшін алдын ала алғыс айтамыз