Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
Ақтөбе облысы
Хабарландырулар
27.09.2024
Тіркелімдер басқармасы

Респонденттердің назарына!

    Есептік кезеңде тіркелген, ағымдағы жылдың 1-3 тоқсанында 2-ШК «Шағын кәсіпорынның қызметі туралы есеп» статистикалық нысанын тапсырғандарды қоспағанда, қызметкерлерінің саны 100 адамнан аспайтын, кәсіпкерлік қызметпен айналысатын заңды тұлғалар 2024 жылдың қаңтар-қыркүйек айларына 1-СР (жылына бір рет)  «Экономикалық қызмет туралы есеп» статистикалық нысанын ұсыну қажет екендігін естеріңізге саламыз. Ұсыну мерзімі – 31 қазанға (қоса алғанда) дейін.

Осы статистикалық нысанды тапсыру қағаз жеткізгіште немесе электрондық форматта жүзеге асырылады. Статистикалық нысанды www.stat.gov.kz/ респонденттерге/ 2024 жылғы статистикалық нысандар бөлімінен алуға болады. Статистикалық нысанды электрондық форматта толтыру Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Интернет-ресурсында (www.stat.gov.kz) орналастырылған «Деректерді оn-line режимде жинау» ақпараттық жүйесін қолдану арқылы жүзеге асырылады.

 


Қосымша ақпаратты алуыңызға болады:
каб. 311, тел: 56-31-11

каб. 109, тел: 54-54-48

Онлайн кеңесші