«Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Ақтөбе облысы бойынша департаменті» РММ Халықтын турмыс денгейі статистикалық байқауы бойынша Алға ауданы, Қарақобда селосына іріктемелі зерттеу үшін интервьюер қабылданатынын хабарлайды.
Зерттеу өткізу мерзімі – есепті кезеңнің 2024 жыл тамыздын 1-нен желтоқсанның 31-дейін (қоса алғанда) аралығында (тоқсандық,жылдық).
Сухбатшыға қойылатын талаптар: жоғары, орта техникалық және кәсіптік немесе жалпы орта білім, жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар қойылмайды (экономикалық, есеп және аудит, қаржы, құқықтану).
Лауазымдық міндеттері:
- респонденттерге тікелей (жеке) бару және алынған мәліметтерді зерттеудің статистикалық нысандарына толтыру жолымен зерттеуді жүзеге асыру;
- статистикалық байқаулар бойынша алынған алғашқы статистикалық деректердің сапасын, толықтығын және дәйектілігін қамтамасыз ету;
- алғашқы статистикалық деректерді статистикалық нысандарға дұрыс толтырылуын қамтамасыз ету;
- деректерді жинау және байқау аяқталғаннан кейін алғашқы деректердің және жеке деректердің құпиялылық қағидасын,уақытылық мерзімін сақтау.
Барлық сұрақтар бойынша Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр-хан даңғылы 25, №205 кабинеті мекенжайына хабарласуға болады, анықтама телефондары: 8(7132) 54-36-52.