Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
Ақтөбе облысы
Хабарландырулар
11.10.2022
Хабарландыру
«Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Ақтөбе облысы бойынша департаменті» РММ Халықтың тұрмыс деңгейі статистикалық байқауы бойынша Ақтөбе қаласы, Астана ауданына іріктемелі зерттеу үшін сұхбатшы қабылданатынын хабарлайды.
Зерттеу өткізу мерзімі – есепті кезеңнің 2022 жылғы қарашаның 1-нен желтоқсанның 31-не дейін (қоса алғанда) аралығында (тоқсандық,жылдық,біреттік).
Сухбатшыға қойылатын талаптар: жоғары, орта техникалық және кәсіптік немесе жалпы орта білім, жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар қойылмайды (экономикалық, есеп және аудит, қаржы, құқықтану).
Лауазымдық міндеттері:
- респонденттерге тікелей (жеке) бару және алынған мәліметтерді зерттеудің статистикалық нысандарына толтыру жолымен зерттеуді жүзеге асыру;
- статистикалық байқаулар бойынша алынған алғашқы статистикалық деректердің сапасын, толықтығын және дәйектілігін қамтамасыз ету;
- алғашқы статистикалық деректерді статистикалық нысандарға дұрыс толтырылуын қамтамасыз ету;
- деректерді жинау және байқау аяқталғаннан кейін алғашқы деректердің және жеке деректердің құпиялылық қағидасын,уақытылық мерзімін сақтау.
Барлық сұрақтар бойынша Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр-хан даңғылы 25, №205 кабинеті мекенжайына хабарласуға болады, анықтама телефондары: 8(7132) 54-36-52.
Онлайн кеңесші