Респонденттерге қатысты мемлекеттік бақылау жүргізу тәртібіне өзгерістер енгізілді
2024 жылғы 6 сәуірдегі «Бизнесті жүргізу мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңы аясында «Мемлекеттік статистика туралы» ҚР Заңының 12-2-бабына өзгерістер енгізілді.
Респонденттердің бастапқы статистикалық деректерді ұсыну кестесінде көрсетілген мерзім ішінде есеп уақтылы тапсырылмаса, профилактикалық бақылаусыз-ақ, респонденттерге айыппұл салынады.
Бастапқы статистикалық деректердің дәйексіздігі анықталған кезде респонденттерге бір жұмыс күні ішінде статистикалық нысандарға түзетулер енгізу қажеттігі туралы хабарлама жіберілетін болады. Орындалмаған кезде әкімшілікі іс жүргізу басталады.
Біз барлық респонденттерді статистикалық есептерді белгіленген мерзім ішінде тапсыруға және себеп-салдарын алдын алу үшін сенімді деректерді ұсынуға шақырамыз.
Аталған өзгерістер 2024 жылғы 8 маусымнан бастап күшіне енеді (БАҚ беттерінде жарияланған күннен 60 күн өткен соң) ескертеміз.
Техникалық қолдау бойынша немесе статистикалық есептілік күнтізбесін қарау, қосымша сұрақтар туындаған жағдайда Бюроның Бірыңғай байланыс орталығына 1446 нөмірі бойынша, сондай-ақ, @statgovkz_bot Telegram-Bot арқылы хабарласуыңызды сұраймыз.