2024 жылғы қаңтар айында Н-020, Н-050 және Н-060 статистикалық іріктемелі зерттеулерін жүргізу үшін ақылы қызмет көрсету шарттары бойынша интервьюерлерді қабылдау жарияланады. Қызмет көрсету мерзімі 2024 жылғы 15 қаңтардан бастап 30 қаңтарға дейін.
Үміткер қоса берілген нысанға сәйкес толтырылған өтінімді, сондай-ақ білім туралы құжаттың көшірмесін ауданның (қаланың) статистика басқармасына ұсынуы немесе электрондық поштаға statakm@aspire.gov.kz жіберуі қажет. «Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Ақмола облысы бойынша департаменті» РММ (Ақмола облысы Көкшетау қ., Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 73 үй).
Өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі 2024 жылғы «11» қаңтар
Байланыс телефоны: 8 (7162) 40-14-53