Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
Абай облысы
Хабарландырулар
09.01.2025
Хабарландыру

«Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика Бюросының Абай облысы бойынша департаменті» РММ (әрі қарай -Департамент) «Үй шаруашылығының ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалануы жөніндегі зерттеу сауалнамасы» Н-020, «Үй шаруашылықтарының сапарларға жұмсаған шығыстары туралы зерттеу сауалнамасы» Н-050 үшін сұхбат алушыларды қабылдауды жүргізеді. . Зерттеуді жүргізу әдістемесі (www.stat. gov.kz/Әдіснама/Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және байланыс статистикасы/ 2016 жылғы 21 қазан  №246 әдістемесі) орналасқан.

Сұхбат алушылардың біліктілігіне қойылатын талаптар: жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі), орта техникалық және кәсіптік немесе жалпы орта білім, сауалдар жүргізу бойынша жұмыс тәжірибесі болғаны жөн. 

Департамент сұхбат алушылармен Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес, ақылы қызмет көрсетуге келісім-шартқа отырады.

Сұхбат алушылардың жұмыс мерзімі 2025 жылдың қаңтар айы.  

«Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Абай облысы бойынша департаменті» РММ, 

071400, Семей қаласы, Мәңгілік ел көшесі, 25

Факс 52-54-95, код 8-72-22

кадрлық қызмет сұрақтары бойынша  - т. 36-26-12

әдістеме сұрақтары бойынша  – т. 36-26-12