Метадеректер
Статистикалық көрсеткіштің атауы
Туберкулезбен ауыру, 100 000 адамға шаққанда
Өлшем бірлігі
100 000 адамға
Көрсеткіш тарихы
2010 жылдан бастап
Көрсеткіштің анықтамасы
100 000 адамға шаққанда туберкулезбен сырқаттанушылықтың көрсеткіші 100 000 тұрғынға шаққанда осы жылы пайда болған туберкулезбен жаңа немесе жаңадан ауырғандардың (туберкулездің барлық түрлері, оның ішінде ЖҚТБ-мен ауыратын адамдарда) бағаланған саны ретінде айқындалады.
Есептеу әдістемесі
Туберкулезбен сырқаттанушылықты бағалау ДДҰ жүргізетін консультативтік және талдамалық процесс шеңберінде жүргізіледі және жыл сайын жарияланады. Бұл бағалаулар ауру жағдайлары туралы жыл сайынғы хабарламаларға, туберкулезбен сырқаттанушылық туралы алынған деректердің сапасы мен қамтылуын бағалауға, туберкулез ауруының таралуын ұлттық тексеруге және халықтың табиғи қозғалысын есепке алу жүйелерінен алынған ақпаратқа негізделген. Әрбір ел үшін сырқаттанушылықты бағалау қолда бар деректерге байланысты мынадай тәсілдердің біреуін немесе бірнешеуін пайдалана отырып жүргізіледі: (i) сырқаттану деңгейі = сырқаттану жағдайлары туралы хабарламалар саны/ анықталған жағдайлардың болжамды үлесі; (ii) қосарланған қамту әдісі (iii) ауру деңгейі = аурудың таралуы / жағдайдың ұзақтығы. Белгісіздік шекаралары жақсы бағалауға қосымша беріледі.
Көрсеткіштің дереккөзі
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі
Соңғы жаңарту күні
2025 жылғы 31 желтоқсан
Келесі жаңарту күні
2026 жылғы 31 желтоқсан
Жауапты құрылымдық бөлімше
Халықаралық ынтымақтастық және орнықты даму департаменті
Байланыс телефоны
+7 7172749830, 749841, 749485
Жүктеп алу
Деректер жиынының URL мекенжайлары
Лицензия
Бұл деректер Қазақстан Республикасы Ұлттық Статистика Бюросының (ASPIR) лицензиясы бойынша жалпыға қолжетімді. Лицензияның көшірмесін
мына жерден алуға болады.
Тізімге оралу