18.2.b Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар (ЕҚТА)
Метадеректер
Статистикалық көрсеткіштің атауы
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар (ЕҚТА)
Өлшем бірлігі
км² немесе га өлшенеді
Көрсеткіш тарихы
1993 жылдан бастап
Көрсеткіштің анықтамасы
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар-ерекше табиғат қорғау, ғылыми, мәдени, эстетикалық, рекреациялық және сауықтыру маңызы бар, мемлекеттік билік органдарының шешімдерімен толық немесе ішінара шаруашылық пайдаланудан алынған және олар үшін ерекше қорғау режимі белгіленген табиғи кешендер мен объектілер орналасқан жер, су беті және олардың үстіндегі әуе кеңістігі учаскелері. Көрсеткіш елдегі ерекше қорғалатын аумақтардың ауданын және оның елдің жалпы аумағындағы үлесін қамтиды.
Есептеу әдістемесі
"Бұл көрсеткіш үшін ұлттық заңнамаға және тиісті халықаралық талаптарға сәйкес олардың орналасқан жерін, аумағының ауданын, құрылған күнін және оларды қорғау режимін көрсете отырып, елдегі барлық ЕҚТА карталары мен кадастрлары болуы қажет. Мемлекетаралық салыстыру мақсатында күзетілетін аумақтар да ТҚХО санаттары бойынша жіктелуі мүмкін. Мониторинг және деректерді жаңарту жыл сайын жүргізілуі тиіс. ЕҚТА пайыздық көрсеткіші мынадай формула бойынша есептелуі мүмкін: ЕҚТА үлесі ( % ) =(ЕҚТА жалпы ауданы га немесе км2: елдің жалпы ауданы га немесе км2) x 100"
Көрсеткіштің дереккөзі
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы деректерді қалыптастыру жөніндегі жауапты мемлекеттік орган Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті (ҚР ЭТРМ) болып табылады.
Соңғы жаңарту күні
31.07.2026
Келесі жаңарту күні
31.07.2027
Жауапты құрылымдық бөлімше
Өндіріс және қоршаған орта статистикасы департаменті
Жауапты орындаушы
Пистун Кристина
Байланыс телефоны
74-93-11
Электрондық почта
k.pustun@aspire.gov.kz
Жүктеп алу
Лицензия
Бұл деректер Қазақстан Республикасы Ұлттық Статистика Бюросының (ASPIR) лицензиясы бойынша жалпыға қолжетімді. Лицензияның көшірмесін
мына жерден алуға болады.
Тізімге оралу