Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
Жетісу облысы бойынша Статистика департаментіне жаңа басшы тағайындалды
01.06.2026
Жетісу облысы бойынша Статистика департаментіне жаңа басшы тағайындалды
Жетісу облысы бойынша Статистика департаментіне жаңа басшы тағайындалды
Жетісу облысы бойынша Статистика департаментіне жаңа басшы тағайындалды

ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросының Жетісу облысы бойынша департаментінің басшысы лауазымына Жарымбетова Сәния Досмағанбетқызы тағайындалды.

Бұған дейін ол Ұлытау облысы бойынша Статистика департаментінің басшысы қызметін атқарған. Жаңа басшыны ұжымға Ұлттық статистика бюросы басшысының орынбасары Әсел Шауенова таныстырды.

Сәния Жарымбетова Қазақ гуманитарлық-заң университетін «Құқықтану», Алматы экономика және статистика академиясын «Экономика», сондай-ақ ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын «Статистика» мамандықтары бойынша тәмамдаған.

Мемлекеттік статистика органдарында 2011 жылдан бері қызмет атқарып келеді. Саладағы еңбек жолын Астана қаласы статистика департаментінде жетекші маман лауазымынан бастаған. Әр жылдары Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің стратегиялық даму департаментінде сарапшы, ҚР ҰЭМ Статистика комитеті статистикалық қызметті жоспарлау басқармасының бас сарапшысы, Алматы қаласы Статистика департаменті басшысының орынбасары қызметтерін атқарған.

2022 жылғы қыркүйектен 2026 жылғы мамырға дейін Ұлытау облысы бойынша Статистика департаментін басқарды.

Қазақстан Республикасында ұлттық халық және ауыл шаруашылығы санақтарын өткізуге белсенді қатысқан.

«Статистика үздігі» төсбелгісімен марапатталған.

Тізімге оралу