Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
Желтосанда 179,4 мың бірлік автокөлік құралы есепке қойылды
16.02.2024
Желтосанда 179,4 мың бірлік автокөлік құралы есепке қойылды

2023 жылғы желтоқсанда есепке 179,4 мың бірлік автокөлік құралдары қойылды1), бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 44,5% артты, оның ішінде автобустар 24,5%, жүк автомобильдері 38% және жеңіл автомобильдер санының тіркеуі 45,2% артты.

Қазақстан Респубилкасында 2023 жылдың қаңтар-желтоқсан айында 1 191,3 мың автокөлік құралы тіркелді, 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда оның саны 1,6 есе артты.

Мәселен, 2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстанда тіркелген автокөлік құралдарының саны

5 326,8 мың бірлікті құрады, оның ішінде 88% – жеңіл автомобильдер, 9,9% – жүк автомобильдері және 2,1% – автобустар.

2024 жыл басындағы Қазақстан автопаркінің көліктің шығарылған жылы бойынша көрінісі:

20 жылдан асқан – 2 459 мың автомобиль

10-нан 20 жылға дейін – 1 265,6 мың автомобиль

7-дан 10 жылға дейін – 680,7 мың автомобиль

3-тен 7 жылға дейін – 590,8 мың автомобиль

3 жылға дейін – 319,7 мың автомобиль

2023 жылдың 12 ай ішінде 15 886 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 22 097 адам зардап шеккен. 2022 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда оқиғалар саны 7,1%, зардап шеккендер саны 2,5% өскен2) .


1) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің деректері бойынша.

2) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетініңдеректері бойынша.



Тізімге оралу

Онлайн кеңесші