Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
Қызылорда облысында ауыл шаруашылығы санағы аясында 56 мың үй шаруашылығы сұралды
07.10.2025

Ұлттық статистика бюросының басшысы Мақсат Тұрлыбаев Қызылорда облысына жасаған жұмыс сапары барысында ауыл шаруашылығы санағының офлайн кезеңінің барысымен танысты. 

Нағи Ілиясов атындағы ауылда ол интервьюерлермен бірге бірнеше үйге кіріп шығып, тұрғындармен сөйлесіп, сауалнама алды. Оның айтуынша, жиналған деректер ауыл шаруашылығын дамыту мен қолдау шараларын әзірлеуге негіз болады. 

«Санақ – ауыл тұрғындары үшін маңызды шаралардың бірі. Жиналған деректер саланы дамытуға бағытталған шешімдер қабылдауға көмектеседі. Респонденттер берген барлық ақпарат құпия сақталады және басқа мемлекеттік органдарға берілмейді. Нәтижелер тек жиынтық түрінде жарияланады», – деді Бюро басшысы. 
Сапар барысында ауыл шаруашылығы санағын өткізу мәселелері облыс әкімінің орынбасары Данияр Жаналиновтың қатысуымен өткен өңірлік комиссия отырысында да талқыланды. Кездесуде санақ науқанының барысы мен дайындық шаралары қаралды. 

Облыс әкімінің орынбасары санақтың аймақ үшін маңызын атап өтті: «Ұлттық ауыл шаруашылығы санағы – бұл тек өңір үшін емес, бүкіл елдің агроөнеркәсіп кешенін дамытуға негіз болатын маңызды іс-шара. Облыс экономикасында аграрлық сектордың үлесі артып келеді. Қазақстанда өндірілетін күріштің 80% астамы Қызылорда облысына тиесілі, жылына шамамен 500 мың тонна өнім алынады. Бұл көлем ішкі сұраныстың 90% қамтамасыз етіп, өңделген күріштің 30% 17 елге экспортталады», – деді Данияр Жаналинов. 
Бюро басшысы Мақсат Тұрлыбаев атап өткендей, Қызылорда облысы республика бойынша үздік нәтижелердің бірін көрсетіп отыр. 

«Онлайн кезеңде аймақ жоғары қамтуды көрсетті: ұйымдастырылған шаруашылықтар арасында – 98,1%, жеке қосалқы шаруашылықтар арасында – 18,4%. Бұл республика бойынша ең жоғары көрсеткіштердің бірі. Ал офлайн кезең де сәтті өтіп жатыр, 6 қазанға дейін 56 мың үй шаруашылығы сұхбаттан өтті, бұл жоспардың 72% құрайды», – деді ол. 
Сапар аясында Мақсат Тұрлыбаев өңірдің бірқатар жетекші кәсіпорындарында болды. Олардың арасында «Мағжан и К» күріш және тұз өңдеу зауыты бар – бұл Қазақстандағы ең ірі күріш өндіруші кәсіпорындардың бірі, ішкі нарықта жетекші үлеске ие және өнімдерін шетелге экспорттайды. 

Сондай-ақ ол нан-тоқаш, кондитерлік және макарон өнімдерін шығаратын «Қызылорда-Нан» кәсіпорнының жұмысымен танысты. Қызылорда облысына жасалған жұмыс сапары ауыл шаруашылығы санағын жүргізу сапасын бақылау және халықтың хабардарлығын арттыру мақсатындағы өңірлік сапарлар сериясының бір бөлігі болды.

Тізімге оралу