2026 жылғы қыркүйекте Қазақстанда 170 141 автокөлік құралы есепке қойылды. Ай ішінде тіркелген көліктердің құрылымында жеңіл автомобильдер – 87,9%, жүк автомобильдері – 6,1%, тіркемелер – 2,7%, автобустар – 0,8%, мотоциклдер – 0,6% және басқа да автокөлік құралдары 1,9% құрады.
Пайдаланылатын отын түрі бойынша:
бензинмен жүретін – 133 956 көлік құралы (жалпы санның 78,7%-ы);
дизель отынымен жүретін – 11 703 көлік құралы (6,9%);
газбаллонды отынмен жүретін – 752 көлік құралы (0,5%);
аралас отын түрімен жүретін – 14 347 көлік құралы (8,4%);
электр қуатымен жүретін – 3 304 көлік құралы (1,9%);
отын түрі көрсетілмеген – 6 079 көлік құралы (3,6%).
2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша елімізде тіркелген автокөлік құралдарының жалпы саны 6 114,6 мың бірлікке жетті. Тіркелген автопарктің құрылымында жеңіл автомобильдер басым болды. Олардың саны 5 126,8 мың бірлікті (83,9%) құрады. Жүк автомобильдерінің саны 497,7 мың бірлікке (8,1%), тіркемелер 264,7 мың бірлікке (4,3%), автобустар мен шағын автобустар 89,5 мың бірлікке (1,5%), мотоциклдер 75,3 мың бірлікке (1,2%), басқа да автокөлік құралдары 60,7 мың бірлікке (1,0%) жетті.
Тіркелген автокөлік құралдарының ең көп саны Алматы қаласында (744,8 мың бірлік) және Алматы облысында (652,4 мың бірлік) байқалды.