Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
Қыркүйек айында 163,9 мың автокөлік есепке қойылды
15.11.2024
Қыркүйек айында 163,9 мың автокөлік есепке қойылды

2024 жылғы қыркүйекте есепке 163,9 мың бірлік автокөлік құралы қойылды, бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,2% кем.

2024 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша Қазақстанда тіркелген автокөлік құралдарының саны 5 614,7 мың бірлікті құрады, оның ішінде 88% – жеңіл автомобильдер, 9,9% – жүк автомобильдері және 2,1% – автобустар.

Пайдаланатын отын түрі бойынша көліктің 81,9% бензинмен жүреді, аралас отын есебінен қозғалатын автомобильдердің үлесі – 7,4%, дизель отынымен – 7,1%. Газбен жүретін автомобильдердің саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3 213 бірлікке артты, көліктің жалпы санында газ баллоны бар автомобильдің үлесі 0,3% құрады. Тағы 11 706 бірлік автомобиль электр энергиясы есебінен қозғалады және олардың жалпы көлік санындағы үлесі 0,2% құрады, былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда электромобильдер саны 1,8 есе өсті.


1)Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің деректері бойынша.


Тізімге оралу

Онлайн кеңесші