Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
ТМД статистика ұйымдары азық-түлік ресурстарының балансын қалыптастыру мәселелерін талқылайды
05.06.2024
ТМД статистика ұйымдары азық-түлік ресурстарының балансын қалыптастыру мәселелерін талқылайды


Астанада азық-түлік ресурстарының теңгерімін қалыптастырудың маңызды аспектілеріне арналған екі күндік жиын басталды. Бұл іс-шара ТМД статистикасын дамыту жөніндегі жобаны іске асыру шеңберінде өткізіліп жатыр, ол ТМД статистика қызметтері арасында тәжірибе алмасу мен әдіснамалық тәсілдерді келісуді қамтамасыз етуге арналған. 

«Азық-түлік ресурстарының балансы (АРБ) ауыл шаруашылығы өндірісінің дамуы мен азық-түлік қауіпсіздігін талдау үшін маңызды. Кездесуде ТМД елдерінде АРБ әзірлеудің әдіснамалық, технологиялық және ұйымдастырушылық аспектілері, жұмысты жақсартудағы ынтымақтастық пен ресурстарды біріктіру сияқты негізгі мәселелер қарастырылады. Өзара әріптестік құру – статистиканы дамытуға және азық-түлік қауіпсіздігіне бағытталған жұмысты қолдауға ықпал етеді», – деп атап өтті өз кіріспе сөзінде ТМД Статкомитеті төрағасының орынбасары Андрей Косарев. 

Кездесуде ТМД Статкомитеті әзірлеген және қатысушы елдермен келісілген Азық-түлік ресурстарының теңгерімдерін (БПР) қалыптастыру бойынша ұсынымдар таныстырылды. Жиын барысында есептеу әдістеріне, деректерді импутациялау және АРБ баптарын теңгерімдеу әдістеріне, сондай-ақ азық-түлік қауіпсіздігі көрсеткіштерін қалыптастыру мәселелеріне назар аударылды. 

Бюро басшысының орынбасары Әсел Шауенова өз сөзінде ТМД статистика комитетіне іс-шараны ұйымдастырғаны үшін алғысын білдіріп, оның тәжірибе алмасу мен статистикалық деректердің сапасын арттырудағы маңыздылығын атап өтті. 

«Статистикалық өндірістің барлық процесін цифрландыру және Ұлттық статистикалық жүйені ұлттық деректер жүйесіне трансформациялау – алдағы бес жылдағы Қазақстанның статистикалық жүйесін дамытудың негізгі векторына айналады. Осы отырыста ұсынылған тәсілдер мен құралдар бізге аграрлық азық-түлік өнімдерін өндіруді есепке алудың дәлдігін одан әрі дамытуға және арттыруға көмектеседі. Азық-түлік балансын құрудың ұлттық тәжірибемізде біз ФАО мен ТМД Статкомитетінің ұсынымдарын, сондай-ақ олардың озық әдістемелерін басшылыққа аламыз. Үздік тәжірибелерді пайдалану мен халықаралық стандарттарға сәйкестік – Бюро жұмысының басым бағыттары», – деп қорытындылады Ә. Шауенова. 

Жиын барысында ТМД елдерінің ұлттық тәжірибелері талдаудан өтіп, талқыланды. Кеңеске қатысушылар азық-түлік ресурстарының теңгерімін қалыптастыруда бірыңғай стандартқа қол жеткізу үшін тәсілдер мен әдіснамаларды үйлестірудің маңыздылығын атап өтті.


Тізімге оралу

Онлайн кеңесші