2026 жылғы наурыз айында тұрғын үйді алып-сату бойынша 28 493 мәміле тіркелген. 2026 жылғы ақпанмен салыстырғанда (27 421) мәмілелер саны 3,9% өсті. Мәмілелер саны бойынша Алматы (6 428 – 22,6%) және Астана (4 924 – 17,3%) қалалары, сонымен қатар, Қарағанды облысы (2 258 – 7,9%) көш бастап тұр. Мәмілелер саны Ұлытау облысында ең аз – 208 мәміле (0,7%) тіркелген.
2026 жылғы ақпанмен салыстырғанда наурызда мәмілелер санының өсуі Қызылорда (+33,8%), Павлодар (+26,7%) және Ақмола (+26,4%) облыстарында тіркелген. Ең көп төмендеу Ұлытау облысында (-18,4%), Қостанай облысында (-9,0%) және Астана (-6,1%) қаласында тіркелді.
2026 жылғы ақпанмен салыстырғанда, көппәтерлі үйлердегі тұрғын үй мәмілелер саны 6% (1283 мәмілеге) өсті. 2026 жылдың наурыз айында пәтерлер бойынша барлығы 22 542 мәміле жасалды, бұл мәмілелердің жалпы санының 79,1%. Көппәтерлі үйлердегі тұрғын үй саудасының негізгі үлесі Алматы (26,3%), Астана (21,4%) қалаларына және Қарағанды облысына (8,4%) тиесілі. Бөлмелер саны бойынша 1 бөлмелі пәтерлер сатылымы басым болды - 8 510 мәміле.
2026 жылғы ақпанмен салыстырғанда наурызда жеке тұрғын үйлер бойынша мәмілелер саны 3,4% (211 мәмілеге) азайды. Наурызда барлығы 5 951 мәміле тіркелген. Жеке тұрғын үйлер бойынша мәмілелер санының өсуі Павлодар (+22,9%), Ақмола (+15,7%) және Солтүстік Қазақстан (+12%) облыстарында тіркелген. Жеке тұрғын үйлер бойынша мәмілелер санының ең көп төмендеуі Атырау (-24,8%), Алматы (-13,9%) және Қарағанды облыстарында (-13,8%) тіркелген.
2026 жылғы наурызда тұрғын үйді алып-сату мәмілелері алдыңғы жылдың тиісті айымен салыстырғанда 2,7% өсті, ол кезде (27 739 мәміле) ресімделген болатын. Мәмілелер санының ең жоғары өсімі Ақмола облысында (29,7%) байқалды, ең үлкен төмендеу – Ұлытау облысында (-41,7%). 2026 жылдың қаңтар-наурыз айларындағы мәмілелер санын 2025 жылғы қаңтар-наурыз айларындағы мәмілелер санымен салыстырғанда 4,6% төмендеу байқалды.