2024 жылы тұрғын үй қорының жалпы ауданы 434,3 млн м2 құрады, оның ішінде қалалық жерлерде 287,1 млн м2, ауылдық жерлерде 147,2 млн м2. 2023 жылмен салыстырғанда тұрғын үй қорының көлемі 15,2 млн м2 артқан.
2024 жылы бір тұрғынға тұрғын үймен қамтамасыз ету көрсеткіші 24,5 м2 құрады, оның ішінде қалалық жерлерде 26,9 м2, ауылдық жерлерде 20,7 м2. Алдыңғы жылмен салыстырғанда көрсеткіш 0,6 м2 артқан.
2024 жыл қорытындысы бойынша тұрғын үйлердің саны 2,5 млн бірлікті құрады, оның ішінде 2,2 млн бірлігі жеке үйлер, 306 мыңы – көппәтерлі үйлер (6 млн пәтер).
Тұрғын үйлердің ең көп саны Түркістан мен Алматы облыстарында, тиісінше 340 мың және 282 мың бірліктен. Қалалық елді мекендердің ішінде тұрғын үйлердің ең көп саны Алматы қаласында – 171 мың бірлік, ауылдық елді мекендер арасында Түркістан облысында– 263 мың бірлік.
Сумен жабдықтауға қосылған тұрғын үй қорының үлесі 98% құрады, орталық жылытуға тұрғын үйдің 46% қосылған, тұрғын үй қорының 85% газ (сұйық пен табиғиды қоса алғанда) бар.