Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
Статистика бюросы Қырғызстандағы әріптестері үшін тренинг өткізді
19.05.2023
Статистика бюросы Қырғызстандағы әріптестері үшін тренинг өткізді


«Қырғызстанның тұрақты энергетикасы: келешегі мен проблемалары» конференциясы аясында Қазақстан Республикасының Ұлттық статистика бюросы Қырғызстан Республикасының Ұлттық статистика комитетінің қызметкерлері үшін энергетикалық статистика бойынша екі күндік тренинг өткізді.
 
Тренингте қызметтер және энергетика статистикасы департаментінің директоры Гүлмира Қарауылова және энергетика статистикасы басқармасының басшысы Мадина Әбдікәрімова Қазақстан Республикасының отын-энергетикалық балансын қалыптастыру бойынша Халықаралық энергетикалық агенттік форматына көшу жөнінде айтып берді.
 
Сондай-ақ Бюро сарапшылары энергетикалық көрсеткіштердің сапасын жақсарту, статистикалық бақылауларды әзірлеу, көмір, мұнай, газ, электр және жаңартылатын энергия көздері бойынша деректерді жинау, өңдеу және талдау бойынша білімі мен тәжірибесін бөлісті.
 
Сонымен қатар Қазақстандағы энергия мен отын шығыны бойынша үй шаруашылығында зерттеулер жүргізу туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Еске салайық, іс-шара Еуропалық одақ қолдауымен «Орталық Азиядағы тұрақты энергетикалық байланыстарды ЕО қолдауы (SECCA)» жобасы аясында жүзеге асырылды, оның негізгі мақсаты – Еуропалық Одақтың озық тәжірибесіне сәйкес, Орталық Азия аймағында неғұрлым тұрақты энергетикалық теңгерімнің болуына жәрдемдесу.
 
Конференцияға Қырғызстан, Грузия, Қазақстан, Латвия, Литва сарапшылары, сондай-ақ мемлекеттік органдардың, ғылыми ортаның, азаматтық қоғам мен бизнестің өкілдері қатысты.




Тізімге оралу

Онлайн кеңесші