Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
Статистика бойынша «Қазақстанды тыңдай отырып» зерттеуінің маңызды аспектілері баяндалған дөңгелек үстел өтті
12.06.2024

Бүгін Ұлттық статистика бюросында өткен дөңгелек үстел барысында «Қазақстанды тыңдай отырып» зерттеуінің статистика мәселелері бойынша нәтижелері талқыланды. Іс-шараға Қазақстандағы Ұлыбритания елшісі Кэти Лич, Дүниежүзілік банк экономисі Метин Небилер мен Бюроның аумақтық департаменттерінің басшылары қатысты.

Бюро басшысы Мақсат Тұрлыбаев өз сөзінде Ұлыбритания Елшілігі мен Дүниежүзілік банкпен арадағы ынтымақтастықтың маңыздылығын ерекше жоғары атап өтті. Ол «Қазақстанды тыңдай отырып» зерттеуінің нәтижелері ресми статистиканың қолжетімділігін жақсартып, оның сапасын арттырудағы құнды құрал болып табылатынын атап өтті. Бюро басшысы сондай-ақ статистика саласындағы өзара іс-қимылды одан әрі нығайтуға дайын екенін білдіріп өтті.

«Былтырдан бері Бюро Дүниежүзілік банкпен бірлесіп, «Қазақстанды тыңдай отырып» зерттеуі аясында пайдаланушылардың ресми статистикаға сенімін бағалау бойынша баламалы деректерді алу жұмыстарын жүргізе бастады. Зерттеу арнайы жасалған модуль бойынша жүргізілді, ондағы сауалнама нәтижелері ұлттық деңгейде репрезентативті болып табылады. Өз тарапымнан ресми дерек пайдаланушыларының сенімін арттыруға ықпал ететін статистика саласындағы өзара іс-қимылды одан әрі нығайтуға ниетті екенімізді білдіргім келеді», - деді Максат Тұрлыбаев

«Көп жылдық жұмыс нәтижесінде біз статистиканы қалай жинау керектігі, оны қалай тарату қажеттігі және халық сенімінен қалай шығуға болатыны туралы тәжірибе жинадық. Әлем қарқынды түрде өзгеріп жатыр, біздің әдістемеміз де өзгеруі керек. Мен статистикалық ведомствомен ынтымақтасуға мүмкіндік алғаныма өте қуаныштымын. Сіздердің салаларыңызда қандай сын-қатерлерге тап болатыныңызды және саяси шешімдер қабылдау үшін қажет деректердің нақты болуы үшін әдістемелерге қандай өзгерістер енгізу керектігін білген маңызды», - деді Қазақстандағы Ұлыбритания елшісі Кэти Лич.

Дөңгелек үстел аясында Дүниежүзілік банк экономисі Метин Небилер жүргізілген зерттеу туралы егжей-тегжейлі айтып, Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік перспективаларын талқылады. Еңбек нарығының динамикасы, балалар мен отбасылардың әл-ауқаты, сондай-ақ мемлекеттік реформа бағдарламасы туралы қоғамдық пікір сияқты мәселелер қозғалды.

«Бұл жоғары жиіліктегі зерттеу, өйткені ол 2020 жылдың желтоқсан айынан бастап ай сайын өткізіліп келеді. Бұл зерттеудің мақсаты – халықтың әл-ауқаты деңгейін түсіну, сауалнамаға шамамен 1400 үй шаруашылығы қатысады», - деді М. Небилер.

Еске салайық, 2023 жылдың наурыз айында Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі мен Ұлыбритания Үкіметі арасында «Экономикалық дамуға ықпал ететін тиімді басқару» бағдарламасы аясында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылған болатын. Бұл меморандумды іске асыру Дүниежүзілік банктің қолдауымен жүзеге асырылады. Меморандум аясында Бюро мемлекеттік қызметкерлер арасында статистикалық сауаттылықты арттыру және ресми статистикаға пайдаланушылардың сенімін жақсарту бойынша бірқатар іс-шара өткізді.

Анықтама: «Қазақстанды тыңдай отырып» зерттеуі 2020 жылдан бері ай сайын өткізіліп келеді. Ол шамамен 1400 респондентті қамтиды және Қазақстандағы халықтың әл-ауқаты мен қоғам пікіріндегі өзгерістерді бақылауға арналған. Зерттеу экономикалық және әлеуметтік перспективалар, еңбек нарығының динамикасы, балалар мен отбасылардың әл-ауқаты, сондай-ақ мемлекеттік саясат туралы қоғамдық пікір туралы деректерді қамтиды.

Тізімге оралу

Онлайн кеңесші