15.05.2025
Сәуір айында мотокөліктерді қоса алғанда 184,7 мың бірлік автокөлік есепке қойылды
2025 жылғы сәуірде 184,7 мың бірлік автокөлік құралы* есепке қойылды, оның ішінде жеңіл автомобильдер – 153,3 мың бірлік, жүк автомобильдері – 11,3 мың бірлік, автобустар – 1,5 мың бірлік және мотокөлік – 18,6 мың бірлік.
2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстанда тіркелген автокөлік құралдарының саны 6 миллион шегінен асып, 6 176 мың бірлікті құрады. Оның ішінде 86,5% – жеңіл автомобильдер, 9,7% – жүк көліктері, 1,9% – автобустар және мотоциклдер – 1,9%.
2025 жылғы 5 сәуірден бастап жылдамдығы 50 км/сағ (мопед) дейін мотоқұралдарды міндетті тіркеу енгізілді. Сәуірде тіркелген мотокөлік құралдарының саны 18,6 мың бірлікті құрады, осылайша есепке қойылған мотокөлік құралдарының жалпы саны 115,8 мың бірлікті құрады.
Пайдаланылатын отын түрі бойынша мотокөліктің 110,3 мың бірлігі бензинмен жүреді, 635 бірлік – аралас отын, 248 бірлік – дизель отыны, 51 бірлік – газ, тағы 557 бірлік электр қуаты есебінен қозғалады (4 мыңында – отын түрі көрсетілмеген).
.png)
*Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің деректері бойынша.
Тізімге оралу