Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
Қолданысқа берілген тұрғын үйлердің жалпы алаңы бір жылда 42,4% көбейді
17.02.2026
Қолданысқа берілген тұрғын үйлердің жалпы алаңы бір жылда 42,4% көбейді

2026 жылғы қаңтарда құрылыс жұмыстарының көлемі 14,4% ұлғайып, 172 млрд теңгені құрады. Құрылыс жұмыстары көлемінің ұлғаюы тұрғын үйлер (2,2 есе) имараттар (57,8%) салу және жөндеу жұмыстарының өсуімен байланысты.

Орындалған құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) түрлері бойынша негізгі үлес автомобиль, темір жол және метро (30,1% барлық көлемнен), тұрғын емес ғимараттар (19,2%) және тұрғын ғимараттар (11,4%) құрылысы жұмыстарына тиесілі.

Өңірлік бөліністе құрылыс жұмыстарының көлемінің ұлғаюы республиканың 18 өңірінде байқалды. Айтарлықтай өсім Қарағанды (39,4%), Түркістан (36,7%), Солтүстік Қазақстан (35,1%), Ақтөбе (23,4%), Жетісу (21,4%), Батыс Қазақстан (19,1%) және Қызылорда облыстарында (11,3%), сондай-ақ Астана (30,8%) және Алматы (18,3%) қалаларында тіркелді.

 

Орындалған құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) көлемі

 


Барлығы, мың теңге 

2026 жылғы қаңтар, пайызбен

 

Республикалық көлемге пайызбен

2025 жылғы желтоқсанға

2025 жылғы

қаңтарға

Қазақстан Республикасы

  171 955 422

6,4

114,4

100,0

Абай

1 647 835

1,8

94,5

1,0

Ақмола

6 049 628

5,2

102,9

3,5

Ақтөбе

8 437 178

7,6

123,4

4,9

Алматы

9 774 843

6,4

103,2

5,7

Атырау

19 978 973

12,4

101,5

11,6

Батыс Қазақстан

6 790 392

7,3

119,1

4,0

Жамбыл

7 467 057

7,5

104,2

4,3

Жетісу

1 764 843

1,2

121,4

1,0

Қарағанды

9 535 123

7,0

139,4

5,6

Қостанай

5 407 437

6,0

101,7

3,2

Қызылорда

6 243 267

8,6

111,3

3,6

Маңғыстау

9 277 741

6,7

102,1

5,4

Павлодар

4 373 248

4,3

104,3

2,5

Солтүстік Қазақстан

2 036 590

2,8

135,1

1,2

Түркістан

3 839 991

2,4

136,7

2,2

Ұлытау

2 761 412

4,0

97,4

1,6

Шығыс Қазақстан

8 658 814

10,4

103,0

5,0

Астана қаласы

40 288 414

10,5

130,8

23,4

Алматы қаласы

10 983 640

3,9

118,3

6,4

Шымкент қаласы

6 638 996

5,0

108,0

3,9

 

Қазақстан Республикасында 2026 жылғы қаңтарда пайдалануға берілген жаңа объектілердің жалпы алаңы 1291,8 мың шаршы метрді құрады.

Оның ішінде қолданысқа берілген тұрғын үйлердің жалпы алаңы бір жылда 42,4% көбейіп, 1 091 мың шаршы метрді құрады, ондағы 727,6 мың шаршы метр – көп пәтерлі және 359,8 мың шаршы метр жеке үйлер бойынша.

Білім беру және денсаулық сақтау саласында 1080 оқушыға арналған 3 жалпы білім беретін мектеп және 332 орынға арналған  мектепке дейінгі 2 ұйым берілген.

 

 

Тізімге оралу