Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
Өнеркәсіп өндірісінің индексі 103,8% құрады
15.09.2023
Өнеркәсіп өндірісінің индексі 103,8% құрады

Сегіз ай ішінде 29 952,3 млрд теңгенің өнеркәсіп өнімі өндірілді, оның ішінде кен өндіру саласында – 13 958,7 млрд теңгеге (жалпы көлемнен 46,6%), өңдеуде – 14 042,9 млрд теңгеге (46,9%).

Өндірістің өсуі тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда – 4,3%, өңдеу өнеркәсібінде – 3,1%, электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтауда – 5,4%, сумен жабдықтау; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызметте 5,5% байқалды.

Өңірлер арасында біршама өсім Ақмола, Алматы, Атырау, Солтүстік Қазақстан облыстарында және Алматы қаласында тіркелді.

Шикі мұнайды (106,6%), табиғи газды (103,2%), темірді қоспағанда, кенді (101,2%), өзге де пайдалы қазбаларды (113,6%) өндіру салаларының артуына байланысты 2023 жылғы қаңтар-тамызда тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда өнеркәсіп өндірісінің индексі 104,3% құрады.

Өңдеу өнеркәсібінде есепті кезеңде 2022 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда өнеркәсіп өндірісінің индексі 103,1%-ды құрады. Өсім тамақ өнімдері – 4%, сусындар – 5,4%, химия өнеркәсібі өнімдері – 3,1%, резеңке және пластмасс бұйымдары – 7,5%, машина мен жабдықтардан басқа дайын металл бұйымдарын өндіруде – 6,4%, машина жасауда 28,1% белгіленді.

Өндіріс көлемінің өсуі республиканың 13 өңірінде тіркелді, төмендеу Ақтөбе, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау, Ұлытау, Павлодар облыстарында және Астана қаласында белгіленді.

   

Тізімге оралу

Онлайн кеңесші