Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
Өнеркәсіп өндірісінің индексі 103,5% құрады
17.05.2023
Өнеркәсіп өндірісінің индексі 103,5% құрады

2023 жылғы қаңтар-сәуірде Қазақстанда өнеркәсіп өндірісінің индексі 103,5% құрады. Аталған уақыт аралығында 15 124,8 млрд. теңгеге өнеркәсіп өнімдері өндірілді, оның ішінде кен өндіру саласында – 7 078,1 млрд.теңгеге (жалпы көлемнен 46,8%), өңдеуде – 6 931,5 млрд. теңгеге (45,8%).

Өндірістің өсуі тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда – 2%, өңдеу өнеркәсібінде – 5,1%, электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтауда – 5,9%, сумен жабдықтау; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызметте 7,4% байқалады.

Өңірлер арасында айтарлықтай өсім Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Абай, Жетісу, Алматы облыстарында және Алматы қаласында белгіленді.

Шикі мұнайды (103,2%), табиғи газды (104,4%), темірді қоспағанда, кендерді (103,2%), өзге де пайдалы қазбаларды (120,6%) өндіру салаларының артуына байланысты 2023 жылғы қаңтар-сәуірде тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда өнеркәсіп өндірісінің индексі 102% құрады.

Өңдеу өнеркәсібінде есепті кезеңде 2022 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда өнеркәсіп өндірісінің индексі 105,1%-ды құрады. Өсім тамақ өнімдерінде – 7,7%, сусындар – 6,9%, мұнайдың өңделген өнімдері – 3,7%, негізгі фармацевтикалық өнімдер мен фармацевтикалық препараттарды өндіру – 3,6%, резеңке және пластмасс бұйымдары – 8,1%, машиналар мен жабдықтардан басқа дайын металл бұйымдарын өндіруде – 15,8%, машина жасауда 35,9% белгіленді.

Өндіріс көлемінің өсуі республиканың 15 өңірінде тіркелді, төмендеу Ақтөбе, Қарағанды, Қызылорда облыстарында және Астана мен Шымкент қалаларында.


Тізімге оралу

Онлайн кеңесші