Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
Наурыз айында 170 мың автокөлік есепке алынды
16.04.2026
Наурыз айында 170 мың автокөлік есепке алынды
2026 жылғы наурызда есепке 170 мың бірлік автокөлік құралы қойылды. Өткен айда қайта тіркеуден өткен автомобильдердің 63% шыққан жылы 10 жылдан асқан, ал 3 жылдан аспаған автомобильдердің үлесі – 24%. 

2026 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша Қазақстанда тіркелген автокөлік құралдарының саны 5 955,8 мың бірлікті құрады, оның 83,9% – жеңіл автомобильдер, 8,2% – жүк көліктері, 4,4% – тіркемелер, 1,5% – автобустар, мотоциклдер – 1,2% және 0,8% – өзгелері. 

Пайдаланылатын отын түрі бойынша көліктің 80% бензинмен жүреді, аралас отын есебінен қозғалатын көліктің үлесі – 6,6%, дизель отынымен-7,6%, газ баллоны орнатылғандар үлесі – 0,4%, тағы 31 100 көлік электр қуаты есебінен қозғалады және автомобильдердің жалпы санының 0,5% құрайды. 

Сонымен қатар, тіркелген көліктің басым бөлігінің (35,6%) қозғалтқыш көлемі 1500-2000 текше см, қозғалтқыш көлемі 1500 текше см дейінгілердің үлесі – 25,3%, 2000-2500 текше см – 14,7%, 2500-4000 текше см – 12,8%, қозғалтқыш көлемі 4000 текше см асатын көлік үлесі – 8,6%. 

Өңірлер бөлінісінде тіркелген автомобильдер саны бойынша Алматы қаласы – 723,5 мың бірлік, Алматы облысы – 642,7 мың бірлік және Астана қаласы – 452,1 мың бірлік көш бастап тұр.

Тізімге оралу