Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
Наурыз айында 162,4 мың бірлік автокөлік құралы есепке қойылды
15.05.2023
Наурыз айында 162,4 мың бірлік автокөлік құралы есепке қойылды

2023 жылғы наурызда есепке 162,4 мың бірлік автокөлік қойылды1), бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,3 есе артық, оның ішінде жеңіл автомобильдер мен автобустар – 2,3 есеге артса, жүк автомобильдері 2,4 есе көбейген.

2023 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша Қазақстанда тіркелген автокөлік құралдарының саны 4 668 мың бірлікті құрады, оның ішінде 87,6% – жеңіл автомобильдер, 10,3% – жүк автомобильдері және 2,1% – автобустар.

Пайдаланатын отын түрі бойынша көліктің 82,4% бензинмен жүреді, аралас отынмен жүретін автомобильдердің үлесі – 7,6%, дизель отынымен – 7,4%, газбен жүретін автомобильдердің саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1642 бірлікке ұлғайды, көліктің жалпы санында газ баллоны қойылған автомобильдің үлесі 0,2% құрады, тағы 1936 бірлік автомобиль электр қуаты көмегімен қозғалады.

2023 жылғы наурызда 2 321 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 3 340 адам зардап шеккен. Өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда зардап шеккендер саны 10,8%-ға азайды.2)




1)Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің деректері бойынша.

2) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетініңдеректері    бойынша.


Тізімге оралу

Онлайн кеңесші