Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
Наурыз айында 142 мың автокөлік есепке қойылды
15.05.2024
Наурыз айында 142 мың автокөлік есепке қойылды
2024 жылғы наурызда есепке 142 мың бірлік автокөлік1) құралы қойылды, бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 12,6% кем, оның ішінде тіркелген жүк автомобильдерінің саны 12,8%, жеңіл автомобильдер саны 11,6% кеміді, ал автобустар саны тиісті мерзіммен салыстырғанда керісінше 1,7% артты.
Наурыз айында тіркелген көліктердің ішінде шыққан жылы 20 жылдан асатын автомобильдер үлесі ең жоғары болды – 35,2%, 3 жылдан аспайтын мерзімдегі жаңа автомобильдердің үлесі 7,3% құрады.
Осылайша 2024 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша Қазақстанда тіркелген автокөлік құралдарының саны 5 408,1 мың бірлікті құрады, оның ішінде 88,1% жеңіл автомобильдер, 9,9% – жүк автомобильдері және 2% – автобустар.
Тіркелген автомобильдердің жалпы санынан ең үлкен үлесті бензинмен жүретін көліктер құрайды – 82,1%, дизель отынымен – 7,1%, газ баллонымен – 0,2%, аралас отынмен – 7,6%, тоқпен – 0,2%, отын түрі көрсетілмеген қалғандары – 2,9%.
Айта кетейік, Қазақстанда 100 адамға 22,6 жеңіл автокөліктен келеді, ең жоғары көрсеткіш ШҚО-да – 100 адамға 39,1 автомобиль, ең азы Жетісу облысында – 100 адамға шаққанда 6,8 көліктен.



1)Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің деректері бойынша.

Тізімге оралу

Онлайн кеңесші