Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
Мемлекеттік қызметке алғаш тұрған қызметкерлер ант қабылдады
15.07.2024
Мемлекеттік қызметке алғаш тұрған қызметкерлер ант қабылдады
Мемлекеттік қызметке алғаш тұрған қызметкерлер ант қабылдады
Ұлттық статистика бюросында алғаш рет мемлекеттік қызметке тұрған қызметкерлердің ант қабылдауына орай салтанатты жиналыс өтті.

Салтанатты шараны Бюро басшысы Мақсат Тұрлыбаев жүргізіп, жас қызметкерлерді еңбек жолындағы маңызды қадамымен құттықтады. 

Құттықтау сөзінде бюро басшысы, жаңадан қабылданған қызметкерлерге мемлекетіміздің игілігі үшін өз міндеттерін адал атқаруларын тіледі. 

«Сіздер сияқты мен де осыдан 16 жыл бұрын министрліктердің бірінде мемлекеттік қызметші болып еңбек жолымды бастағанмын. Ант қабылдау арқылы сіз халыққа қызмет етуге және мемлекетіміздің мүддесін қорғауға бағытталған маңызды міндеттерді қабылдайсыз. Сіздер маңызы зор мемлекеттік органдардың біріне қызметке тұрдыңыз, статистиктер мемлекет дамуында шешуші рөл атқарады. Мемлекеттік басқарудың ашықтығы мен тиімділігін қамтамасыз етуге, халықтың тұрақты дамуына және өмір сүру сапасын жақсартуға көмектеседі. Сіздерге қызметтің табысты болуын тілеймін», - деді Бюро басшысы. 
ҚР мемлекеттік қызметші антын 10 маман қабылдады.

Тізімге оралу

Онлайн кеңесші