Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
«Мемлекеттік тіл – мәртебем» танымдық-әдістемелік іс-шарасы өтті
23.09.2026

ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросында Қазақстан халқының тілдері күніне орай «Мемлекеттік тіл – мәртебем» атты танымдық-әдістемелік кездесу өтті.

Іс-шараға Ұлттық статистика бюросының қызметкерлері қатысты. Кездесуді ашқан Ұлттық статистика бюросы басшысының орынбасары Еркебұлан Иембердиев мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейтудің маңыздылығына тоқталды. Ол қазақ тілін түрлі салаларда, соның ішінде статистика саласында кеңінен қолданудың және оның практикалық мүмкіндіктерін арттырудың өзектілігін атап өтті.

Танымдық-әдістемелік кездесуге арнайы қонақ ретінде Ш. Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының Әдістеме LAB жетекшісі, PhD Айгерім Қожахмет және жетекші ғылыми қызметкері, PhD Айерке Зинедина қатысты.

Мамандар қазақ тілін оқыту әдістемесін жетілдіру, сондай-ақ тіл үйретудің тиімді тәсілдерін қолдану бағытындағы өз тәжірибелерімен бөлісті.

Кездесу барысында «Қазақ тілін оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері» тақырыбында дәріс өткізіліп, тіл үйретуде қолданылатын заманауи әдістер таныстырылды. Атап айтқанда, дәстүрлі оқыту үлгілерімен қатар интерактивті және коммуникативтік әдістердің тиімділігіне назар аударылды.

Сонымен қатар әдіскерлерлер ұйымдастырған  практикалық сабақ барысында қатысушылар өз білімдерін сынап, қазақ тіліндегі дағдыларын тәжірибе жүзінде жетілдіруге мүмкіндік алды.

Іс-шара соңында Ұлттық статистика бюросы Қаржы және құжаттамалық қамтамасыз ету департаменті директорының орынбасары Гүлжан Қойгельдина Ш. Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығынан арнайы келген мамандарға және іс-шараға қатысушыларға алғыс білдірді.

Тізімге оралу