Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
Маусым айында 159,2 мың автокөлік есепке қойылды
15.07.2025
Маусым айында 159,2 мың автокөлік есепке қойылды

2025 жылғы маусымда 159,2 мың бірлік автокөлік құралы, оның ішінде 143 мың жеңіл автомобиль, 9,8 мың – жүк көлігі, 1,3 мың – автобус, 5,1 мың – мототранспорт есепке қойылды.

2025 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстанда тіркелген автокөлік құралдарының саны 6 460,4 мың бірлікке жетті, оның ішінде 86,6% – жеңіл автомобильдер, 9,6% – жүк көліктері, 1,8% – автобустар мен мотокөліктер – 2%.

Автокөлік құралдарының шығарылған жылдары бойынша 3 жасқа дейінгі автомобильдер саны 453,1 мың бірлікті немесе жалпы саннан 7% құрайды, автопарктің тағы 25,8% (1,6 млн) 3 жылдан 10 жасқа дейінгі автомобильдер. Елдегі автокөліктердің 67% (4,3 млн-нан астам бірлік) шыққан жылы 10 жылдан асқан.






Тізімге оралу