ҚҰРМЕТТІ ПАЙДАЛАНУШЫЛАР! Ұлттық статистика бюросының жаңа веб-сайтына қош келдіңіздер! 2021 жылға дейінгі статистикалық ақпарат бойынша мұрағат деректері old.stat.gov.kz сайтында қолжетімді.
Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
Маркетплейстерді ескере отырып, электрондық сауданың үлесі 12,5% құрады
24.05.2023
Маркетплейстерді ескере отырып, электрондық сауданың үлесі 12,5% құрады

Бюро алғаш рет Азия даму банкімен орындалған жоба шеңберінде әзірленген жаңа әдістеме бойынша есептелген электрондық коммерция нарығының көлемі туралы статистиканы жариялап отыр. Есеп берген респонденттер қатарына 46-дан астам қызмет түрі бойынша электрондық коммерцияны жүзеге асыратын кәсіпорындар мен 40 агрегатор кірді.  

2022 жылы электрондық коммерция бөлшек сауда нарығының (ішкі нарық) көлемі маркетплейстерді ескере отырып, 1963,5 млрд.теңгені құрады, оның ішінде маркетплейстер арқылы бөлшек сауда айналымы – 1 117,9 млрд. теңгені (56,9%), тауарларды өзінің Интернет-ресурсы арқылы саудалайтын бөлшек сауда кәсіпорындары – 845,6 млн. теңгені (43,1%) құрады. Айта кетейік, бөлшек саудадағы электрондық коммерцияның үлесі 2021 жылы маркетплейстерді есепке алмағанда 5,4% болған.



\

Жеке интернет-ресурстар арқылы бөлшек саудада үйде пайдалануға арналған тауарлар (34,7%), киім, аяқ киім және спорт тауарлары (17,3%), тамақ өнімдері (13,2%), косметика (6,5%), дәрілік препараттар (4,8%) сатылды. Кәсіпорындардың көлемі бойынша жеке интернет-ресурстар арқылы бөлшек сауда көлемінде, керісінше, ең үлкен үлес ірі кәсіпорындарға – 48,8%, шағын кәсіпорындарға – 45%, орта кәсіпорындарға – 6,2% тиесілі болды. 2022 жылы маркетплейстерді ескере отырып, электрондық коммерция қызметтерінің көлемі 1186,5 млрд. теңгені құрады. Меншік интернет-ресурстар арқылы көрсетілген қызметтер көлемі 254,7 млн.теңгені (21,5%) құрады. 

Электрондық коммерция (маркетплейс) платформасы арқылы көрсетілген қызметтер көлемі 931,8 млн.теңге (78,5%) болды. 2022 жылы маркетплейстер арқылы көрсетілген қызметтер көлемі бойынша негізінен жолаушыларды тасымалдау қызметтері – 50,3%, көлікке билеттер мен орындарды брондау бойынша қызметтер – 9,6%, сондай-ақ азық-түлік жеткізу бойынша қызметтер – 5,1% алынған. 

2022 жылы тауарлар мен қызметтерге ақы төлеу тәсілдерінің ішінде дебеттік картамен немесе электронды түрде банк аударымымен төлеу (31,5%), Интернет арқылы несие картасымен төлеу (23,5%), қолма-қол ақшамен төлеу (22,6%), онлайн төлемдер (13,9%), ұялы телефон (5,3%), сый картасымен төлеу немесе бонустар/купондар бағдарламасының «ұпайлары» онлайн ваучері (3,1%), цифрлық әмиян (0,1%).

Тізімге оралу

Онлайн кеңесші