2026 жылғы мамыр айында тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша 30 420 мәміле тіркелген. 2026 жылғы сәуірмен салыстырғанда (35 154) мәмілелер саны 13,5% азайды.
Мәмілелер саны бойынша Астана – 5 122 (16,8%) және Алматы – 4 925 (16,2%) қалалары, сонымен қатар, Қарағанды облысы – 2 630 (8,6%) көш бастап тұр. Ұлытау облысында ең аз көрсеткіш тіркелді – 261 мәміле (0,9%).
2026 жылғы сәуірмен салыстырғанда мамырда мәмілелер санының өсуі Түркістан (+7,6%) және Атырау (-0,6%) облыстарында байқалады. Ең жоғары төмендеу Қызылорда облысында(-35,5%), Алматы қаласында (-24,2%) және Ұлытау облысында (-19,4%) тіркелді.
2026 жылғы сәуір айымен салыстырғанда, көппәтерлі үйлердегі тұрғын үй мәмілелер саны 14,5% (3 950 мәмілеге) азайды. 2026 жылдың мамыр айында пәтерлер бойынша барлығы 23 381 мәміле жасалды, бұл мәмілелердің жалпы санының 76,9%. Көппәтерлі үйлердегі тұрғын үй саудасының негізгі үлесі Астана (21,4%), Алматы (19,3%) қалаларына және Қарағанды облысына (9,4%) тиесілі. Мамырда ең көп мәміле екі бөлмелі пәтерлер бойынша тіркеліп, олардың саны 8 681-ді құрады.
Ағымдағы жылдың мамыр айында жеке тұрғын үйлер бойынша жасалған мәмілелер саны сәуір айымен салыстырғанда 10,0% (784 мәмілеге) азайды. Барлығы 7 039 мәміле тіркелген. Жеке тұрғын үйлер бойынша мәмілелер санының ең жоғары төмендеуі Жамбыл облысында (-23,4%), Қызылорда облысында (-22,3%) және Солтүстік Қазақстан облысында (-18,0%) байқалды. Мәмілелер санының өсімі тек Павлодар облысында тіркелді (+15,0%).
2026 жылғы мамырда тұрғын үйді алып-сату мәмілелері алдыңғы жылдың тиісті айымен салыстырғанда 10,5% азайды (33 986-дан 30 420 мәмілеге дейін). Мәмілелер санының ең жоғары өсімі Түркістан облысында (+69,6%) байқалды, ал ең үлкен төмендеу – Алматы қаласында (-31,2%).
2026 жылдың қаңтар-мамыр айларындағы мәмілелер санын 2025 жылғы қаңтар-мамыр айларындағы мәмілелер санымен салыстырғанда 5,8%төмендеу байқалды.