2024 жылғы мамырда есепке 137,9 мың бірлік автокөлік құралы қойылды, былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда көрсеткіш 14,4% кеміді, оның ішінде тіркелген автобустар саны 3,3%, жеңіл автомобильдерде 15,2% және жүк автомобильдері 4,5% төмендеді.
Осылайша 2024 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша Қазақстанда тіркелген автокөлік құралдарының саны 5 473,7 мың бірлікті құрады, оның 88% – жеңіл автомобильдер, 9,9% – жүк және 2,1% – автобустар.
Көліктердің басым көпшілігі, атап айтқанда 81,9%, бензинмен жүреді, тағы 7,1% дизельмен жүреді. Экологиялық артықшылықтарға қарамастан, автомобильдердің тек 0,2%-ы газбен, тағы соншасы электр қуатымен жұмыс істейді. Бензин мен басқа отын түрімен аралас автомобильдердің үлесі – 7,5%.
Сонымен қатар өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда электр қуатымен жүретін жеңіл автомобильдер саны 3229-дан 9906 бірлікке дейін 3,1 есе өсті. Электромобильдердің ең көп саны Алматы қ. – 5809 бірлік, Астана қ. – 1252 бірлік және Алматы облысында – 466 бірлік.
1)Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің деректері бойынша.