Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
Мамыр айында 128,1 мың бірлік автокөлік есепке қойылды
16.06.2025
Мамыр айында 128,1 мың бірлік автокөлік есепке қойылды

2025 жылғы мамырда 128,1 мың бірлік автокөлік құралы1 есепке қойылды, оның ішінде жеңіл автомобильдер – 113 мың бірлік, жүк автомобильдері – 8 мың бірлік, автобустар – 1,4 мың бірлік және мототранспорт – 5,7 мың бірлік.

2025 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша Қазақстанда тіркелген автокөлік құралдарының саны 6 302,5 мың бірлікті құрады, оның ішінде 86,5% – жеңіл автомобильдер, 9,7% – жүк көліктері, 1,9% – автобустар мен мотокөліктер – 1,9%.

Пайдаланылатын отын түрі бойынша автокөліктердің 82% бензинмен жүреді, 7,1% аралас отын есебінен қозғалады, 7,1% – дизель отынымен, 0,3% – газ баллонымен, тағы 0,3%-ы электр қуатымен (немесе 17 164 бірлік көлік) жүреді.

Былтырғы мамыр айымен салыстырғанда бензинмен жүретін автокөліктер саны 15,3%, дизель отынымен жүретіндер 13,9%, газбен жүретіндер 36,2%, аралас отынмен жүретіндер 9,3% өскен. Бұл ретте электромобильдер саны бір жылда 66,9% артқан.


1)Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің деректері бойынша.



Тізімге оралу